Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Бірақ Иеміз оған:— Бар сонда! Ол — Менің атымды басқа ұлттарға, патшаларға және Исраил халқына жариялау үшін таңдап алған қызметшім. Уа, басқа ұлт адамдары, ендігі сөзім сендерге арналады. Мен Мәсіхтің басқа халықтарға жіберген елшісі ретіндегі қызметімді құрметтеймін, Исаның Өзінің рухани Ұлы екендігін ашып білдіріп, Ол туралы Ізгі хабарды яһудилерден басқа халықтардың арасына таратуға бұйырды.Сонда мен осы жайлы ешбір адамнан ақыл сұраған жоқпын, Керісінше, Ізгі хабарды яһуди халқына уағыздау Петірге қалай тапсырылған болса, Ізгі хабарды басқа халықтарға уағыздаудың маған да солай аманатталғандығына көздері жетті. Өйткені Петірдің яһудилер арасындағы елшілік қызметін қолдаған Құдай менің басқа халықтар арасындағы қызметіме де жар болды.
Выбор основного перевода