Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Тимофею
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді. Сендер Жаратқан Иенің: «Мен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын» деген сөзінің мағынасын ұғынып алыңдар! Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды (теріс жолдан қайтуға) шақыру үшін келдім. Мұны естіген Иса әлгі діндарларға былай деп жауап берді:— Дәрігер дені сауға емес, ауру адамға қажет. Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды (теріс жолдан қайтуға) шақыру үшін келдім. Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды теріс жолдан қайтуға шақыру үшін келдім. Бірақ парызшылдар мен дін мұғалімдері мұны көріп:— Мына кісі күнәкарларды қабылдап, солармен тіпті дастарқандас болады! — деп күңкілдесті. Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады. Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді. Бірақ олар Құдайдың рақымымен Мәсіхтің бұлардың төлемдерін төлеп, құтқарғанының арқасында тегін ақтала алады. Бұл — дәл айтылған шынайы сөз; оны түгелдей қабылдау қажет. Құдай бізді құтқарып, өз халқы ретінде қасиетті өмір сүруге шақырды. Ол мұны біздің жасаған игі істерімізге бола емес, Өзінің мақсаты мен рақымы бойынша істеді. Себебі Құдай бізге Иса Мәсіх арқылы рақымын сыйлауға әлем басталмастан бұрын-ақ ниеттенген еді. Мынау — дәл айтылған, шынайы сөз:«Егер Мәсіхпен бірге өлген болсақ,Онымен бірге өмір сүретін де боламыз. Бұл айтқандарым нағыз шындық. Құдайға сенгендердің өздерін жақсылық жасауға арнаулары үшін бұларды баса айтуыңды қалаймын. Олар адамдарға ізгілікті де пайдалы.
1. Тимофею
1 2 3 4 5 6
Выбор основного перевода