Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Сендердің қайсыларың өмірді ұнатасыңдар,Жақсы күндерді көптеп көруді қалайсыңдар? Онда жаман сөз ауыздарыңнан шығармаңдар,Өтірік айтудан да әрқашан сақтаныңдар! Жамандықтан бас тартып, жақсылықты жасаңдар,Татулыққа ұмтылып, сол үшін күш салыңдар! Жаратқан Ие әділдерге назар аударады,Өзіне жалынған оларға құлақ салады. Ал сұмдық жасайтындарға Жаратқан қарсы шығады,Есімдерін із-түзсіз жер бетінен жоқ қылады. Өзін діншілмін деп санағанмен, тіліне ие бола алмайтын әркім өзін-өзі алдап жүр. Оның діншілдігі еш пайдасыз. Сондықтан барлық жамандық атаулыдан арылып, бұдан былай алдамшы, екі жүзді, күншіл немесе басқаны қаралаушы болмаңдар! «Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес». Тілі мен аузына ие болғанПәледен басын сақтар аман.
Выбор основного перевода