Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Астық тартуының қалған бөлігі — Һарон мен оның ұлдарының үлесі. Ол — Жаратқан Иеге бағышталып, өртелу арқылы ұсынылған тартулардың ерекше киелі бөлігі. Һарон мен оның ұлдары астық тартуының қалған бөлігін ашымаған нан ретінде кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеулері керек. Жаратқан Ие Һаронға қайтадан тіл қатып былай деді: «Біліп қой, Мен исраилдіктердің Өзіме жасайтын сый-тартуларын бақылауды саған тапсырдым. Олардың Өзіме көтеріп ұсынатын тартуларын Мен саған және ұрпақтарыңа арналған үлестерің әрі тұрақты құқықтарың етіп сыйладым. Оның қалған бөлігін өздерің және үй іштерің кез келген жерде жей аласыңдар. Себебі ол кездесу шатырында жасайтын қызметтеріңнің ақысы. Ол әкесінен қалған меншігін сатып, пайда көрсе де, құрбандықтар мен сый-тартулардың өзіне тиесілі үлесін алуы керек. Мұндағы барлық бауырластар да сәлем айтуда. Шын жүректен бір-біріңе сүйіспеншіліктеріңді білдіріп, сәлемімізді жеткізіңдер.
Выбор основного перевода