Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіздім, ал Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына шомылдырады». Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып:— Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»! Кім Маған сенсе, (келіп, шөлін қандырып су ішсін!) Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: оның жүрегінен өмір беретін «су» тасқындап ағады, — деді. Иса бұларды Киелі Рух туралы айтты; Оны Исаға сенгендер кейінірек қабылдады. Құдай Исаның ұлылығын адамдарға әлі білдірмегендіктен, Өзінің Киелі Рухын сенушілерге әлі де қондырмаған еді. Олардың барлығы да Мұсаның соңынан ергендер ретінде бұлтта және теңізде шомылдыру рәсімінен өткендей болды. Барлығы да Құдай кереметпен берген бірдей тағам жеп, бірдей сусын ішті. Себебі олар Құдай қамтамасыз етіп, өздерімен бірге жүріп отырған «жартастан» сусындайтын. Ал ол «жартас» Мәсіхтің Өзі болатын. Ал егер рухыңмен ғана шүкірлік етсең, онда соны ұғынбайтындардың орнында отырған кез келген кісі ризашылық білдіргеніңді «аумин» деп қуаттай алмайды. Себебі ол не айтып тұрғаныңды ұқпайды. Мұндай қорқынышты ажал қаупінен Ол бізді құтқарып алды және әлі де құтқаруда; сондай-ақ болашақта да құтқаратын болады деп Оған нық сенім артамыз. Бұл жерде яһуди мен басқа ұлт адамының, құл мен еріктінің, еркек пен әйелдің арасында айырмашылық жоқ, себебі барлығың Иса Мәсіхпен тығыз байланыста біртұтассыңдар. екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды. Бәріміз біртұтас рухани денеміз, Құдайдың Рухы да Біреу, сол сияқты Құдай сендерді шақырғанда бірдей үміт берді. Бұл жерде яһуди не басқа ұлттық, сүндеттелген не сүндеттелмеген, шетелдік не көшпенді скиф, құл не ерікті жоқ, қайта, Мәсіх барлық сенушілердің өмірлерінде басты орында.
Выбор основного перевода