Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Мұса солардың қанының жартысын тостағандарға құйып, жартысын құрбандық орнының үстіне бүркіп шашты. Содан кейін ол Келісім кітабын алып, халыққа дауыстап оқып берді. Олар:— Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін орындап, мойынсұнатын боламыз, — деп жауап қайырды. Содан Мұса қанды алып, оны халыққа бүркіп тұрып:— Бұл — Жаратқан Иенің осы айтылған сөздердің бәрі бойынша өздеріңмен жасаған Келісімін бекітетін қан, — деді. Жаратқан Ие мынаны айтады: «Біліп алыңдар, Мен Солтүстік Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келді. Мен сендермен Келісім жасап, ол шалынған құрбандықтың қанымен бекітілген болатын. Сол үшін Мен тұтқындарыңды сусыз құдық іспетті (Бабыл еліндегі) зындандардан құтқарып аламын. Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып:— Мына тостаған — сендер үшін төгілмек қаныммен бекітілген Жаңа Келісім, — деді.
Выбор основного перевода