Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Иоанна
1 2 3 4 5
Параллельные места
Киелі жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты. Тағы сөзін жалғастырып: — Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады. Ал Иса оған:— Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Мәңгілік өмір — Сені, жалғыз шынайы Құдайды, әрі Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану. Ал біз осы дүниелік рухты емес, Құдайдан келген Киелі Рухты қабылдадық, Соның көмегімен Құдайдың бізге сыйлаған игіліктерін біле аламыз. Өйткені «Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан, кеңесшісі болып бағыт берді Оған?» (деп жазылған). Ал бізде Мәсіхтің ой-ниеті бар. Киелі Құдай сендерге Өзінің Рухын қондырғандықтан барлығын ажырата білесіңдер. Ал сендерге келсек, Құдайдан алған Киелі Рух өздеріңде қалады. Сол себептен сендерге жаңа ілім үйрететін біреудің қажеті жоқ, өйткені қажеттілердің бәрін де Киелі Рух үйретеді. Оның сендерге үйреткендері еш өтіріксіз, шынайы, сондықтан Киелі Рухтың үйреткені бойынша әрекет ете беріңдер. Філаделфидегі қауымның хабаршысына былай деп жаз:Бұл — Киелі де Шынайыдан хабар. Өзімде Дәуіттің (патшалығының) кілті бар; Мен ашқанды ешкім жаба алмайды, Мен жапқанды ешкім аша да алмайды.
1. Иоанна
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода