Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Фессалоникийцам
1 2 3 4 5
Параллельные места
«Тамақ асқазан үшін, ал асқазан тамақ үшін жаратылған». Әлбетте! Құдай бір кезде екеуін де жоятын болады. Алайда адамның денесі нәпсі үшін емес, Иеміз үшін қызмет етуге тиіс, ал денеміздің қамын Иеміз ойлайды. Денелеріңнің Мәсіхтің рухани денесінің мүшелері екенін білмейсіңдер ме? Мәсіхтің бір мүшесін қайсыбір жезөкшенің дене мүшесі етіп қоюға бола ма? Жоқ, мүлдем болмайды! Азғындықтан аулақ болыңдар! «Барлық күнә адам денесінен тысқары», — дейсіңдер. Бірақ адам азғындық арқылы өз денесіне күнә жасайды. Ал азғындықтан сақтану үшін әр еркектің өз әйелі, әр әйелдің өз күйеуі болсын. Біз осы рухани қазынаны сақтайтын қарапайым қыш құмыралар іспеттіміз. Осылайша ондағы шексіз зор құдіреттің өзімізден емес, Құдайдан екені анық болып тұр.
1. Фессалоникийцам
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода