Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Фессалоникийцам
1 2 3 4 5
Параллельные места
Бауырластары Пауылды дереу теңіз жағасына жөнелтіп жіберді, ал Сыйлас пен Тімоте Береяда қалып қойды. Пауылды шығарып салушылар онымен бірге Афиныға дейін барды. Содан олар оның Сыйлас пен Тімотеге арналған: «Тезірек қасыма келіңдер!» — деген тапсырмасын алып, кері қайтып кетті. Пауыл Афиныда жолдастарын күтіп жүргенде, қаладағы қаптаған тәңір бейнелерін көріп, іштей қапаланып ашуланды. Қандай жағдай болмасын, тек Мәсіх жайлы Ізгі хабарға сай өмір сүріңдер! Мен келіп, сендерді көремін бе, я болмаса алыста жүремін бе, бәрібір — сендер туралы «бірдей ниетпен табанды тұрады, Ізгі хабарға деген сенімдері үшін бір кісідей жұмылып, жан аямай күреседі, Осыған бола мен одан әрі шыдай алмай Тімотені жіберіп, сенімдерің берік пе, әлде әзәзіл азғырып, бар еңбегіміз зая кетті ме, соны білгім келді.
1. Фессалоникийцам
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода