Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Фессалоникийцам
1 2 3 4 5
Параллельные места
Ал қыздың қожайындары өздерінің пайда көзінен айырылғанын көргенде, Пауыл мен Сыйласты ұстап алып, базар алаңындағы қала әкімшілігіне сүйреп апарды. Екеуін римдік басшыларға алып келіп: «Мыналар — яһудилер, қалаға іріткі салып жүр! Олар уағыздап жүрген дәстүрлерді бізге, Рим азаматтарына, қабылдап, орындауға болмайды», — деді. Жиналған топ та екі елшіге қарсы шықты. Римдік басшылар олардың киімдерін үстерінен жұлып алғызып, таяқпен дүре соғуға бұйырды. Оларды қатты сабап болған соң, түрмеге тастап, бастығына: «Бұларды жақсылап күзет!» — деп әмір етті. Осындай бұйрық алған түрме бастығы екеуін ішкі зынданға тастап, аяқтарын ағаш қысқыштармен бұғаулап қойды. Амфипол мен Аполлонияны аралап өткеннен кейін, елшілер Салониқаға жетті. Бұл қалада яһудилердің мәжілісханасы бар еді. Пауыл әдетінше мәжілісханаға барып, үш демалыс күні жамағатпен Киелі жазбаларға сүйеніп сөйлесті. Пауыл соларды түсіндіріп, Құтқарушы Мәсіхтің азап шегіп өліп, содан қайта тірілуге тиісті екенін дәлелдеді. Ол: «Мен сендерге уағыздап жүрген Иса — Мәсіхтің Өзі!» — деді. Яһудилердің бірнешеуі Исаға сеніп, Пауыл мен Сыйласқа қосылды. Сондай-ақ, Құдайды қастерлейтін гректердің үлкен бір тобы және көптеген беделді әйелдер де осылай істеді. Ал сенбейтін яһудилер қызғаныштан ызаланып, базарда жүрген бірнеше бұзықтарды жалдап, бір тобырды жинап, қаланы дүрліктірді. Олар Ясонның үйіне шабуыл жасап, Пауыл мен Сыйласты жиналған халықтың алдына шығару үшін іздеді. Осылайша сендер бұрын менен көріп, қазір де айналысып жатқанымды естіген рухани күреске өздерің де араласудасыңдар. Осы үшін жан сала еңбек етіп жүрмін. Бұған мені бойыма дарып келе жатқан Мәсіхтің құдіреті қуаттандыруда. Себебі біз сендерге Ізгі хабарды сөзбен ғана емес, құдіретпен, Киелі Рухпен және зор сеніммен де жеткіздік. Сендердің игіліктерің үшін араларыңда қалай әрекет еткенімізді өздерің білесіңдер.
1. Фессалоникийцам
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода