Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1. Фессалоникийцам
1 2 3 4 5
Параллельные места
Сендердің сенімдерің туралы хабар әлемнің шартарабына тарап жатқандықтан, ең алдымен бәрің үшін Иса Мәсіх арқылы Құдайыма ризашылығымды білдіремін. Мен Құдайдың рухани Ұлы туралы Ізгі хабарды жариялап, шын жүрегіммен қызмет етіп жүрмін. Құдайдың Өзі мынаған куә: Оған сиынған сайын сендерді үнемі еске аламын; мінажат еткен сайын сендер үшін ұдайы шүкірлік етемін. Сендерді еске алған сайын Құдайға ризашылық білдіріп, бәрің үшін әрдайым қуана-қуана тілек тілеп сиынудамын. Сендерге Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх рақымын жаудырып, тыныштық сыйлай көрсін!Біз сендер үшін Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдайға сиынған сайын шүкірлік етеміз. Қымбатты бауырластар, Құдайға сендер үшін әрдайым шүкірлік етуге тиіспіз. Бұл, әрине, дұрыс, өйткені бәріңнің сенімдерің мен өзара сүйіспеншіліктерің артып келе жатыр. Сондықтан біз әрдайым сендер үшін былай деп мінажат етеміз: Құдай сендерді құтқарылуға шақырған соң соған лайықты өмір сүрулеріңе, ізгі ниеттеріңді жүзеге асыруларыңа және сеніммен бастаған істеріңді Құдайдың көмегімен аяқтауларыңа қабілет бергей.
1. Фессалоникийцам
1 2 3 4 5
Выбор основного перевода